ҚР Парламент Мәжіліс депутаттарының жұиыс іссапары
2018 жылдың 12 қаңтарында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Мейрам Құдайбергенұлы Пшембаев және Артур Станиславович Платонов «Қазэнергокабель» АҚ жұмыс сапарымен келді. Бас директор Олег Павлович Крук қонақтарды өзі қарсы алды.
Кездесу барысында «Казэнергокабель» АҚ бас директоры компанияның экономикалық дамуы, кабель және сым өнімдерін өндіру және экспорттау нәтижелері туралы депутаттарға мәлімдеді.Экспортқа ерекше назар аударылды, себебі зауыт Павлодар облысының экспортқа бағытталған кәсіпорындарының бірі болып табылады.Бүгінгі күні зауыт бүкіл Қазақстан бойынша өнімдерін жеткізіп, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Израиль және т.б. шетел елдерімен табысты жұмыс істейді.
Мейрам Құдайбергенұлы және Артур Станиславович алюминий ширатпасын өндіру және негізгі өндіріс цехімен танысып, негізгі өндірістік мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.Қонақтар жаңа, заманауи жабдықтарды көріп, зауыт жұмысшыларының жұмысын тамашалады.Кездесу аяқталғаннан кейін Олег Павлович қонақтарға сапары үшін алғыс айтты, отандық тауар өндірушілердің қолдауына және елдегі қолайлы іскерлік жағдайға алғысын білдірді. Кездесуге қонақтар да, Олег Павлович Крук та қанағаттанды!