«POWER-KAZINDUSTRY 2019» XIX халықаралық Қазақстандық өнеркәсіптік энергетика көрмесі
2018 жылдың 29-31 мамырында Алматы қаласында «Атакент» көрме орталығында «POWER-KAZINDUSTRY 2019» XIX халықаралық Қазақстандық өнеркәсіптік энергетика көрмесі өтті. Көрме Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасының инженер-энергетиктер Одағының, энергетика саласында жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың қолдауымен өтті.
«Казэнергокабель» АҚ өкілдері: келісім – шарт бөлімінің жетекші менеджері Айткожанов Асқар, «ҚЭК» АҚ Алматы филиалының жетекші менеджері Мирончик Виталий және жарнама және жұртшылдықпен байланыс жөніндегі менеджер Кирштейн Валерия болды.
Көрменің мақсаты Қазақстан нарығын ғылымды қажетсінетін және экологиялық таза технологиялармен және жабдықтармен толықтыру, сауда-өндірістік байланыстарды дамыту және нығайту, бірлескен инвестициялау бойынша жобалар мен бағдарламаларды таныстыру болып табылады. «Power-Kazindustry-2018» көрмесінің жұмысына Қазақстан, Германия, Израиль, Қытай, Ресей, Тайвань, Түркия және Чехиядан 60-тан астам кәсіпорын мен компания қатысты.
Дәстүрлі түрде көрмелерге алыс шет елдерден келген компаниялар қатысты: Knuth Werkzeugmaschinen GmbH (Германия), Dalian Field Heavy Machinery Manufacturing Co., Ltd., Bodor Laser (Китай), Iscar Ltd. (Израиль), Hiwin Technologies Corp. (Тайвань), Akyapak Uluslararasi Dis Ticaret Makina Ve San.TIC.A.S , Ermaksan Makina Sanayi Ve Ticaret A.S, Inductotherm, (Турция), Stanok s.r.o. (Чехия) және т.б.
Жақын шетелдерден қатысты: «Станкомашстрой» АБҚ, Производственная Компания «Котломаш» АБҚ, Сарапульский Электрогенераторный Завод (Ресей) АҚ және т.б.
Қазақстан келесі компаниялармен таныстырылды: «Казэнергокабель» АҚ, «Test instruments» ЖШС, «Avko Trade House» ЖШС, «InTechSol» ЖШС, «Ars Plus» ЖШС, «El’ Group Company» ЖШС, «К2 Восток» ЖШС, «ПромТехАстана» ЖШС, «Stanko Group» ЖШС, «Техэлектро-Азия» ЖШС, Қазақстан Республикасының инженер-энергетиктер одағы, Қазақстан машина жасаушылар Одағы және т. б.