«ІІ Форум-субконтрактар биржасы»
2018 жылдың 24 тамызында Астана қаласында TheRitz-Carlton (Ballroom) қонақ үйінде «ІІ Форум-субконтрактар биржасы» ірі іскерлік іс-шара өтті. «Казэнергокабель» АҚ атынан коммерциялық директордың орынбасары/келісім — шарт бөлімінің бастығы Юрий Юрьевич Балан және келісім — шарт бөлімі бастығының орынбасары Сергей Петрович Шатских қатысты.
Биржаның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ. Іс-шараға ірі тапсырыс беруші компаниялар, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, жүйе құраушы кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар қатысты.
ІІ Форумның мақсаты-субконтрактілер биржалары тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында, сондай-ақ бұйымдарды, жинақтаушы, тораптар мен бөлшектерді дайындау және жеткізу мәселелері бойынша кооперациялық байланыстарды жолға қою мақсатында бір-бірімен өнім берушілер арасында тікелей келіссөздер жүргізу болып табылады. Биржа бизнестің өзара іс-қимылына, жаңа серіктестер мен жаңа нарықтарды іздеуге, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, B2B байланыстар мен халықаралық кооперациялық жобаларды қалыптастыруға арналған алаңға айналды.