Компания туралы
«Казэнергокабель» АҚ Қазақстан Республикасы Елбасының «Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау және дамыту туралы» Жарлығына және өндіру өнеркәсіптерін дамыту бағдарламасына сәйкес орындалды, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетімен қабылданды және басым инвестициялық жобалар тізіміне енді. Зауыт Қазақстанның өндірістік өңірінің ортасында орналасқан. Географиялық тұрғыда, Павлодар қаласымен бірдей ара-қашықтықта, Қарағанды, Өскемен, Семей, Астана сияқты республикамыздың ірі индустриалды орталықтары орналасқан. Зауытта қажетті барлық инфрақұрылымдар бар: өндірістік, әкімшілік, қойма корпустары, сондай-ақ тұрмыстық корпустар мен әртүрлі көмекші ғимараттар бар. Өнеркәсіп заманауи өндірістік-технологиялық құралдармен жабдықталған.
Зауыт өзінің бірінші өнім партиясын өндіруді 1994 жылы бастады, олар негізінен оқшауланбаған сымдар болатын. Осымен бір уақытта мекемеде құрылыс корпустары салынып жатты. 1999 жылы зауыт кабельдік-өткізгіштік өнімнің шектелген ассортиментін өндіре бастады.
Бүгінгі таңда «Казэнергокабель» АҚ 6500 астам өнім түрін өндіретін кабельдік-өткізгіштік өнімнің ірі отандық өндірушісі болып табылады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау қалаларында дамыған филиалдар жүйесінің болуы Қазастанның кез-келген аймағында тұтынушының кез-келген талабына тез жауап беруге, тауарды келісімді бағасы бойынша қысқа мерзімде жеткізуге мол әсерін тигізеді. Кәсіпорын 2000 жылғы нәтиже бойынша импорттың орнын алмастыру жайлы үкімет бағдарламасының ең үздік қатысушысы болып табылды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дипломымен марапатталды.
«Казэнергокабель» АҚ келесі ассоциациялардың мүшесі болып табылады:
– «Электрокабель» (Мәскеу қ-сы),
– «Қазақстандағы машина жасау»,
– «Қазақстан инженер-энергетиктерінің бірлестігі»,
– «Қазақстан Республикасының жұмыс берушілер бірлестігі».
Бүгінгі таңда «Казэнергокабель» акционерлік қоғамы өзінің тұтынушыларын өнімнің кең шоғырымен қамтамасыз етуде. Оларға: күштік, бақылау, телефондық кабельдері; орнату, әуе, телефонды сымдары; өндірістік жару жұмыстарына арналған сымдар; ауылды жерлерде телефон байланыстарын радиоландыруға арналған телефондық сымдар; сондай-ақ су арту электр қозғалтқыштарына арналған орнату, болатты көп өткізгішті сымдар және т.б. жатады.
2006 жылы «Казэнергокабель» АҚ шетелдік қаржыландырушыларды және Қазақстанның Даму Банкі несиесін жұмылдырумен өз қаражаты есебінде қаржыландырылған телефон сымдары мен полиэтиленмен тігілген оқшауламалы күш беретін кабельдерді шығаруды жолға салатын қаржыландырылған жобаны іске асырды, жобаның жалпы соммасы АҚШ 12,8 млн.долларын құрады. Жобаның іске асуы 150 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, зауыттың өндірістік күшін екі есе арттырды.
Жоғары саплы көрсеткіштер өнімді халықаралық, мемлекетаралық стандарттарға сәйкес өндірудің, жоғары сапалы шикізатты қолданудың, заманауи жабдықтар мен технологияларды қолданудың, мекемде ISO 9000 сериялы және т.б. стандарттарға сәйкес сапа жүйесін енгізудің нәтижесінде алдынады.
2004 жылдың 23-наурызында «Казэнергокабель» АҚ ИСО 9001-2001 сериялы сапа менеджменті жүйесімен сертификацияланды. 2007 жылы акционерлік қоғам «Өндіріс мақсатындағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Алтын сапа» республикалық көрме-сайысында Дипломымен марапатталды.
2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енген «Корпарация Қазақмыс» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен «Алюминилі илемді өндіру» Инвестициялық жобасы іске асырылды. Аталмыш жоба шикізаттың шетелдік жеткізушілерден тәуелді болуын төмендетеді, алюминилі өзекті кабельдер мен сымдардың қазақстандақ үлес мөлшерін жоғарлатады, сондай-ақ кабельді-өткізгішті өнімдерді өндірудегі материалдық шығындарды азайтады.
2017 жылы КГТП және КГТП-ХЛ кабельдерінің техникалық сипаттамалары ресейлік әріптестерінен жоғары болып табылатын термопластикалық эластомерлерді оқшауландырылған және қабықшалармен (ресейлік КГ және КГ-ХЛ брендтерінің толық аналогы болып табылатын) өндірісі игерілді.
2018 жылы алюминий қорытпасынан кабельдер мен сымдар сериялық өндірісі бойынша жоба табысты іске асырылды, бұл соңғы пайдаланушыға мыс ұқсастығына сәйкес емес өнімдерді сатып алудың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, галогендік емес композициялар негізінде кабель өндірісі игерілді, бұл сапасы жануды таратпау үшін халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда компания талшықты-оптикалық кабельді өндіру бойынша жұмыс жүргізуде, 2019 жылға жоспарланған. Технологияларды үздіксіз жетілдіру, жаңа материалдарды қолдану, кабельдік және сымдық өнімдердің жаңа түрлерін дамыту, компьютерлік тапсырыс беруді және сапаны бақылау жүйесін енгізу бізге өндірістік тапсырыстарды қысқа мерзімде орындауға, икемді бағаларды қалыптастыруға және жоғары сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік береді.
Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ)
Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылығының жоғары деңгейі халықаралық, мемлекетаралық стандарттарға сай жоғары сапалы шикізат алу, импортталған жабдықты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, ISO 9000 сериялы стандарттарына сәйкес кәсіпорынның сапа жүйесін енгізу және т.б. бойынша өнімдерді өндіру арқылы қол жеткізіледі. 2004 жылы зауыт ISO 9001-2001 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды, ал 2005 жылдың қаңтарында – KEMA Quality BV (Нидерланды) сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификаты – DEKRA Certification B.V. (Нидерланд).
![]() |
![]() |
DEKRA сертификаты
![]() |
![]() |
Экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ)
2014 жылы «Казэнергокабель» АҚ-да экологиялық менеджмент жүйесі енгізілді. 2017 жылы қайта сертификаттау аудиті өткізілді, нәтижесінде кабельдік және алюминий өнімдері мен сымдарын өндіру және сату бойынша СТ РК ISO 14001-2016 (ISO 14001: 2015) талаптарына сәйкестік сертификаты берілді. Бұл сертификат зауыт қоршаған ортаға қамқорлық жасайтынын, экологиялық аспектілерді басқаратындығын растайды
![]() |
![]() |
«Казэнергокабель» АҚ Сапа облысындағы 2018 жылғы САЯСАТЫ
![]() |
![]() |