Skip to navigation Skip to content
АО "Казэнергокабель"
  • Негізгі
  • Компания туралы
  • Жаңалықтар
  • Каталогы
  • Пікірлер
  • Бос орындар
  • Біз туралы
  • English
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Негізгі
  • Компания туралы
  • Жаңалықтар
  • Каталогы
  • Пікірлер
  • Бос орындар
  • Біз туралы
  • English
  • Қазақ тілі
  • Русский
Негізгі - «KazInterPower 2018» 7-ші жабдықтар мен технологиялардың халықаралық көрмесі
22 May 2018

«KazInterPower 2018» 7-ші жабдықтар мен технологиялардың халықаралық көрмесі

22-24 мамыр күндері Павлодар қаласында «ЭНЕРГЕТИК» СО аумағында энергетика және электр техникасы бойынша «KazInterPower 2018» 7-ші жабдықтар мен технологиялардың халықаралық көрмесі өтті. «KazInterPower-2018» көрмесінің серіктестері: Свердловск облысының ГБУ «Н.И.Данилов атындағы энергия үнемдеу институты» (Ресей),  «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (Қазақстан). «Казэнергокабель» АҚ атынан келісім – шарт бөлімінің жетекші менеджері Айдар Жасланұлы Нұрумов және жарнама және жұршылықпен байланыс жөніндегі менеджер Валерия Витальевна Кирштейн қатысты.

 «KazInterPower» бизнес-алаңы мен іскерлік қарым-қатынас орны, тәжірибе алмасу, заманауи жабдықтар мен технологиялар мен әзірлемелерді көрсету орны болды. Ресей, ТМД елдері, Қазақстан, таяу және алыс шетелдердің ірі компаниялары энергетика және электротехника саласындағы жан-жақты өңіраралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты жолға қойып, көрмеде кездесті. Көрмеге қатысу, қысқа мерзім ішінде, Павлодар өңірінің ірі энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарымен танысуға мүмкіндік берді.

Көрме үш күнге созылды. Алғашқы екі күн павильондағы келіссөздер, үшінші күні – басшылықпен қарым-қатынас жалғасып жатқан облыстың жетекші кәсіпорындарына бару, тікелей өндірісте жетекші мамандармен кездесу. Бұрын қатысушылар келесі кәсіпорындарға барды:   «Казэнергокабель» АҚ, «Экибастузкая ГРЭС-1» ЖШС, «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ, «Казахстанский электролизный завод» АҚ, «Аксуский завод ферросплавов» – АҚ филиалы «ТНК «Казхром», «Алюминий Казахстана» АҚ, разрез «Восточный» «ЕЭК» АҚ, разрез «Богатырь Комир».

Көрмеге қатысушылардың делегациясын «Казэнергокабель» АҚ қарсы алды: Бас директордың көмекшісі – Бобров Михаил Владимирович, коммерциялық директордың орынбасары/келісім – шарт бөлімінің бастығы – Балан Юрий Юрьевич, өндірістік цех бастығы – Гапархоев Ваха Бексұлтанұлы, бас механик – Киверин Олег Викторович және МТС маманы/ӨҚБ бастығы-Итаняков Руслан Хиязұлы, негізгі цех бойынша шолу экскурсиясын өткізді, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Кәбілдік және сым өнімдерін шығаратын қазақстандық көшбасшы
140000 қ. Павлодар, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, ғимарат №6/2
+7 (7182) 62-22-73
kazkabel@kazkabel.kz
Біз жұмыс істейміз
Дүйсенбі - Жұма: 08:00 - 17:00 Сенбі - Жексенбі: демалыс
Мәзірі
  • Негізгі
  • Компания туралы
  • Жаңалықтар
  • Каталогы
  • Пікірлер
  • Бос орындар
  • Біз туралы
  • English
  • Қазақ тілі
  • Русский
© 2022 «Казэнергокабель» АҚ | Барлық құқықтар сақталған.