Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы
2018 жылғы 20-21 қыркүйекте Астана қаласында EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы өтті. «Казэнергокабель» АҚ атынан келісім — шарт бөлімі бастығының орынбасары – Шатских Сергей Петрович қатысты.
Форумды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар Одағы және «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ұйымдастырды. Форумның негізгі тақырыптары 2018 жылы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері болды. Форумның бірінші күні Мұнай-газ машина жасау, автомобиль жасау, электротехникалық машина жасау, теміржол машина жасау, қорғаныс және электронды машина жасау тақырыптарына секциялық отырыс өтті. Екінші күн кеңейтілген пленарлық отырысқа арналды. Секциялық отырыстардың жұмысы барысында қатысушылар отандық машина жасауды одан әрі дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және құндық жасаудың әлемдік тізбегіне қою бойынша практикалық ұсыныстар әзірледі.
Форумға 1000 делегат, жетекші қазақстандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, даму институттарының, бизнес қауымдастықтардың және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушыларының өкілдері қатысты.Форум жұмысы аясында орта мерзімді кезеңге арналған саланы дамытудың стратегиялық көрінісі болатын «Қазақстанның машина жасау саласын дамытудың 2019-2030 жылдарға арналған жобалық кешенді жоспарының» тұсаукесері өтті.